ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМДЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
22 қараша, Алматы, 2013 ж.
Механика-Математика факультетінің қызыл залы
2013 жылдың 22 қарашасында өтетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаментінің 50 жылдығына арналған «Ғылым және білімде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ғалымдарды, магистранттарды, докторанттарды, жоғарғы оқу орындарының IT- құрылымындағы басшылар мен мамандарды, IT-ұйымдарының мамандарын қатысуға шақырамыз.
Конференцияға қатысуға қатысты шығындарды Қатысушы өзі төлейді.
Конференция жұмысы үш бағыт бойынша өткізіледі:
Секция 1.Бiлiм және ғылым жүйесiн ақпараттандыру үдерісінің келешегi және қазыргы жағдайы
Секция 2.Технологиялар және телекоммуникация құрылымы
Секция 3.Ақпараттық қорлар, білім берудегі ғаламтор және мультимедиалық технологиялар
Және одан басқа, конференция шеңберiнде ұйымдастырылады:
Дөңгелек үстел. «Ақпараттық жүйенiң қызмет ету контекстінде оқу үдерісінің автоматтандырылуы «Жоғарғы білімді басқарудағы орталықтандырылған жүйе».
Тәжірибелік алаң. ЖОО-ны автоматтандыру жүйелерiне арналған негiзгi жетiстiктер.
Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция жүргізілетін тілдер: қазақша, орысша, ағылшынша.
Конференцияға қатысу үшін Ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсыру керек:
1. Конференцияға қатысуға тапсырыс.
2. Талаптарға сәйкес рәсiмделген баяндама материалдары.
2013 жылдың 1 қарашасына дейін көрсетілген Тіркелу форма бойынша тапсырысты толтырып, баяндамалар мен материалдардың қағаз нұсқасын және электрондық нұсқасын Ұйымдастыру комитетіне тапсыруларыңыз тиіс.
Ұйымдастыру комитетіне түскен материалдар Конференция басталар алдында конференция жинағында жаряланады.
2013 жылдың 22-23 қарашасында өтетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаментінің 50 жылдығына арналған «Ғылым және білімде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы, 4000 теңге көлемiнде(студенттерге тегін)
Төлеу үшін реквизиттер:«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РМКҚР БжҒМ
Индекс 050040
Мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71.
СТН 600 400 040 043
БСН 990 140 001 154
АҚ "БТА Банк" Алматы қаласы
ЖСК KZ 293 19A 010 004 148 977
БСК ABKZKZKX
БК 16
Қосымша ақпараттарды байланыс телефондар арқылы ала аласыздар:
Ұйымдастыру комитетіне мына электрондық пошта арқылы хат жаза аласыздар:
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ұйымдастыру комитеті
«Ғылым және білімде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану»
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
050040, Алматы, әл-Фараби даңғылы, 71, ректорат, АКТД, 5 қабат, № 505 бөлме
Факс: +7 (727) 377-33-44 (Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаментіне).
E-mail: DICT_conf@kaznu.kz
Тікелей байланыс телефондары: +7 (727) 377-33-26, 377-34-26, 377-34-25
Коммутатор арқылы: +7 (727) 377-33-30, 31, 32, 33, ішкі нөмір: 11-43
Бекітілген қатысушылардың тізімін онлайн көре аласыздар
Баяндамаға қойылатын рәсімдеу талаптары: - Баяндаманың көлемі толық 4 беттен аспауы керек.
- А4 форматта – (21х29,7см), беттердің бағдары кітаптық форматта.
- Баяндама мәтіні Microsoft Word 2003-2010 форматындағы рәсімделген бір файл түрінде ұсынылады, мына тілдердің бірінде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде. Баяндаманың соңғы беті толық толтырылуы тиіс.
- Беттің өлшемдері: жоғарғысы - 2 см, төменгісі - 2 см, сол жағы - 3 см, оң жағы - 1,5 см.
- Шрифті Times New Roman, KZ Times New Roman; әріп өлшемі- 14pt.
- Жол аралығы (интервалы) – бір қойылымды; абзацтық қойылым - 1 см; колонтитулсыз; екі жақтық түзету – орталық бойынша, сөзді тасымалдауға тыйым салынады.
- Пайдаланылған әдебиетке сiлтеме тiк жақшалармен сөйлемнiң соңында көрсетіледі.
- Пайдаланылған әдебиеттiң тiзiмi библиографиялық жазба ережесі бойынша баяндаманың соңында көрсетіледі.
- Сiлтеменi пайдаланбау.
- Баяндаманың мәтiнiнде пайдаланылатын график түрiнде материалдар, суреттер нөмiрленуі тиіс,мәтінде сілтемелер мен аты белгіленуі тиіс.
- Баяндаманың мәтiнiнде пайдаланылатын график түрiнде материалдар, суреттер JPG форматында болуы тиіс
- Баяндама келесі нұсқау бойынша рәсімделінеді:
Құжаттың ортасында улкен әріптермен баяндаманың атауы орналасады. Бір аралықтан кейін ортасында автордың аты-жөні, тегі орналасады, жұмыс орны, қаласы көрсетіледі. Екі аралықтан кейін – баяндаманың мәтіні. Негізгі мәтіннен бір аралықтан кейін тақырып жазылады «Пайдаланған әдебиеттер тізімі». Тақырыптан кейін бiр аралық арқылы библиографиялық жазбаның ережесі бойынша әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
Баяндама мәтінінің электрондық нұсқасын берулеріңіз тиіс (файл автордың атауымен сақталып, электрондық поштамен жіберілуі тиіс).
Жіберілген басылымның мәтіні өңделмейді және түпнұсқа болып табылады. Ұйымдастыру комитеті конференцияның қойылған талаптарына және тақырыбына сәйкес келмейтін материалдардың жариялануына рұқсат бермеуге құқылы. Қағаз түріндегі Баяндама қайтарылмайды.
Бір автордан үштен кем емес баяндама қабылданады.
Конференцияға қатысушылар үшiн тiркелу жарнасы 4000 теңге көлемiнде орнатылған.
Төлеу үшін реквизиттер:«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РМКҚР БжҒМ
Индекс 050040
Мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71.
СТН 600 400 040 043
БСН 990 140 001 154
АҚ "БТА Банк" Алматы қаласы
ЖСК KZ 293 19A 010 004 148 977
БСК ABKZKZKX
БК 16