Конференцияның маңызды күндері:
- 15 тамыз 2014 түйіндерді қабылдаудың басталуы
- халықаралық қатысушыларға 31 желтоқсан 2014 түйіндерді қабылдаудың аяқталуы
- 1 наурыз 2015 халықаралық қатысушыларға толық мәтінді баяндамаларды қабылдаудың аяқталуы және регионалды қатысушыларға
Алматы, Казахстан: қолайлылығы және климаты
Қазақстанның ең ірі қаласы – Алматы ескі Алма-Ата атымен танымал, сондай-ақ 1997 жылға дейін елордасы болған. Елорда дәрежесі Астанаға берілгеніне қарамастан Алматы Қазақстанның басты сауда және мәдениет орталығы, сонымен қатар тұрғындары ең көп ірі қаласы болып саналады. Қала Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулы аймағында орналасқан.
Алматының 2030 жылға арналған жаңа басты жоспары 1998 жылы жасалды және ол экологиялық қауіпсіз, берік әрі қалада өмір сүруге әлеуметтік қолайлы жағдай жасауға бағытталады. Жобаның негізгі мақсаты Алматы қаласының бет-бейнесін қала-бақ ретінде жасау.
Алматының климаттық жағдайы – қыста суық, жаз айларында ыстық, дымқыл, қатаң климатты. Ол таулы аймақтың жазықтыққа өтер зонасында орналасқан, әсіресе қаланың солтүстік бөлігінде көрінетін таулы-жазық айналымның ықпалымен сипатталады.Маусым айында ауарайы қоңыржай, ауаның орташа температуасы 160С және 280С аралығында, жауын-шашын аз (орташа есеппен айына 57 мм). Дегенмен, жоғары таулы аймаққа (теңіз деңгейінен 4000 м биктікте) жақын болуына байланысты Алматының ауарайы күрт өзгеріп тұрады.
Конференцияның өтетін орыны
Конференция Алматы қаласындағы 1934 жылы ірге тасы қаланған елдегі ең беделі Қазақ Ұлттық Университетінің Ғылыми кітапханасында өтеді. Кітапханада пленарлық мәжілістер үшін 400 орындық үлкен конференц-зал және қатарлас секциялар үшін 3 кіші конференц-зал қызмет жасайды
Валюта және кредиттік карталар
Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге (KZT). 2014 жылдың шілде айында теңге бағамы төмендегі көрсеткішті құрады:
1 USD = 184 KZT;
1 € = 252 KZT.
Валюта ауыстыру орталықтары қаланың барлық жерлерінде, күндік теңге бағамымен орналасқан. Кредиттік карталарды барлық қызмет түрлерін төлеуге және ақша алуға қолдануға болады. Барлық банкоматтар 3 тілде қызмет көрсетеді.
Баспана
Конференция өтетін мекен-жайға жақын қонақ үйлер төменде көрсетілген:
- Inter Continental Almaty ***** қонақ үйі ($480-3250, 2 км)
- BEST WESTERN PLUS ATAKENT PARK HOTEL **** қонақ үйі ($160-250, 1 км)
- Holiday Inn**** қонақ үйі ($150-190, 5 км)
- Astana **** қонақ үйі ($110-220, 3 км)
- Zyliha ** қонақ үйі ($40-150, 3 км)
- ТERRA *** қонақ үйі ($40-120, 8 км)
- Астана *** қонақ үйі ($40-100, 5 км)
- Almaty Sapar **** қонақ үйі ($30-100, 5 км)
- Алия ** қонақ үйі ($30-90, 5 км)
- Сонымен қатар басқа да қонақ үйлерді қаланың басқа да мекен жайларынан қарастыруға болады. Пәтер жалдау мүмкіншілігі қамтамасыз етілген.
Байланыс және website
E-mail: isocard2015@gmail.com
Website: www.isocard2015.kz
Конференциядан кейінгі бағдарлама
Бұл қоғамдық бағдарлама конференция өту барысында ұйымдастырылуы мүмкін. Конференцияда қаламыздың көптеген туристік агенттіктері болады.Агенттіктер көбінесе күндік тур қызметтерін көрсетеді.
- Шарын каньонына
- Үлкен Алматы көлі, Есік көлі
- Түрген шатқалына бару
- Сонымен қатар Қөлсай көлі, «Алтын Емел» ұлттық паркі сияқты сұлу табиғатты жерлерге 2-3 күндік турлар да бар. Шамамен әр адам басына 30 USD.
 |
 |
Шарын каньоны |
Түрген шатқалы |
Виза алу
Қазақстан елшілігі қызмет ететін елдер тізімі: Ауғанстан, Армения, Австрия, Әзербайжан, Беларусь, Бельгия, Бразилия, Болгария, Канада, Кытай, Хорватия, Куба, Чех Республикасы, Египет, Эстония, Финляндия, Франция, Грузия, Германия, Греция, Венгрия, Индия, Индонезия, Иран, Ирак, Израиль, Италия, Япония, Иордания, Кыргызстан, Латвия, Ливан, Ливия, Литва, Малазия, Монголия, Нидерланды, Норвегия, Оман, Пакистан, Палестина, Польша, Катар, Румыния, Россия, Саудовская Аравия, Сербия, Сингапур, Словакия, Оңтүстік Корея, ОАР, Мальта, Испания, Швеция, Швейцария, Тәжікістан, Таиланд, Турция, Түркменістан, БАӘ, Украина, Ұлыбритания, АҚШ, Өзбекістан (http://mfa.gov.kz/index.php/en/map).
Тізімде көрсетілмеген елдер үшін, Қазақстан Республикасына кіруге конференцияға дейін 3 ай бұрын құжаттарын дайындауы тиіс. Егер қатысушы, қажетті құжаттарды ерте конференция ұйымдастыру алғасына жіберсе, визалық көмек беріледі.
Визалық көмек үшін қатысушы төмендегі кестені талап етілген мәліметтермен мұқият толтырып, паспорттың скан-нұсқасын мүмкіндігінше ерте ұйымдастыру алқасына жіберуі тиіс. Осы талаптар орындалғаннан кейін визаны алу жұмыстары басталады.
Толық аты жөні (паспорттағыдай) |
|
Жынысы |
|
Туылған күні |
|
Туылған жері |
|
Азаматтығы |
|
Паспорт нөмері |
|
Паспорттың берілген және жарамдылық күні |
|
Жұмыс орыны және қызметі |
|
Үй адресі |
|
Қазақстанда болатын уақыты |
|
Ұшып-қону мәліметі (авиакомпания аты, рейс нөмері, билет нөмері/билетті резервациялау мәліметі)
|
|
2014 жылдың шілде айынан бастап бір жыл ішінде төмендегі ел азаматтары 15 күнге дейін визасыз сапар рұқсат: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Малайзия, Нидерланды, БАӘ, Корея және Жапония.
Тіркелу жарнасы
ISOCARD-тың әрбір мүшесі үшін үш жылдық мүшелік жарнасын 2015 жылдың маусым айында өтетін конференция уақытында төлеуіне болады. Әдеттегідей әрбір қатысушы үшін жарна құны USD 100 құрайды, ал студенттер үшін USD 50.
Тіркелу жарнасы келесі қызметтер үшін төленеді: «Journal of Camelid Science» және «Ветеринария» журналдарында спикерлердің толық мәтінді және қысқа толық мәтінді ауызша баяндамалары мен абстракттарын жариялау, барлық кофе-брейктер, түскі ас және Алматы каласы бойынша экскурсия кіреді. Белгілі бір жағдайларға байланысты келе алмайтын бірақ біздің жинақта мақалаларын жариялағысы келген қатысушыларға USD50. Бірақ бұл жағдайда қатысушы тіркелу жарнасын 01/03/2015 мерзімге дейін ISOCARD-Kazakhstan қоғамдық қорына жіберуі керек.
4ші ISOCARD конференциясы қатысушысына дейінгі уақытта тіркелуі қажет. Ал 01/03/2015 кейінгі конференция уақытында тіркелу келесі кестеде корсетілген бағамен төленеді.
Дәреже |
01/03/2015 дейін |
01/03/2015 кейінгі |
МҮШЕЛІК ЖАРНАСЫ
|
ISOCARD |
|
USD 100 |
ISOCARD студент |
|
USD 50 |
ТІРКЕЛУ ЖАРНАСЫ
|
Халықаралық мүше ISOCARD |
USD 200 |
USD 250 |
Халықаралық мүше емес ISOCARD |
USD 400 |
USD 500 |
Аймақтық мүше ISOCARD |
USD 100 |
USD 150 |
Аймақтық мүше емес ISOCARD |
USD 250 |
USD 350 |
Студент мүше ISOCARD |
USD 50 |
USD 100 |
Студент мүше емес ISOCARD |
USD 150 |
USD 200 |
Алып келушілер |
USD 200 |
USD 200 |
ҚОСЫМША ТӨЛЕМ
|
Гала-той |
USD 100 |
USD 100 |
Конференцияның алдын ала күн тәртібі
Дүйсенбі (8 маусым)
|
Ашылу рәсімі |
Көрменге саяхат |
Пленарлы сессия – басты спикерлердің баяндамалары |
Секциялар бойынша жұмыс |
Стендті секция |
Антиген зерттеу орталғын көру |
Сейсенбі (9 маусым)
|
Секциялар бойынша жұмыс |
Стендті секция |
Алматы қаласына саяхат |
Сәрсенбі (10 маусым)
|
Секциялар бойынша жұмыс |
Стендті секция |
ISOCARDдың Бас ассамблеясы |
Конференцияның тойы |
Бейсенбі (11 маусым)
|
Секциялар бойынша жұмыс |
Стендті секция |
Түйелер геномикасы бойынша арнайы семинар секция |
Жұма (12 маусым)
|
Конференцияның жолсапарлық бағдарламасы:
- Екі өркешті сүтті бағыттағы түйе шаруашылығын көру.
- «Көкпар» сауық кеші.
|
Авторларға арналған ережелер
Қатысушылардың барлық түйіндемелері конференцияның сайтына www.isocard2015.kz онлайн және төмендегі авторларға арналған ережелерге сәйкес өткізілуі тиіс. Әрбір түйіндеме конференцияның ғылыми комитетімен рецензияланады. Конференцияның ғылыми алқасымен рецензиясына сәйкес әрбір қатысушы конференцияға қатысуға қорытынды шешімін алады. Кейін ауызша баяндамашыдан төменде көрсетілген ережелерге сәйкес толық мәтінді мақаланың қысқа нұсқасы сұратылады.
- Барлық түйіндемелер 200 сөзденаспауы тиіс
- Барлық қысқа толық мәтінді мақалалар (ауызша баяндамашыларға) 2 беттен аспауы тиіс.
Авторларға арналған Journal of Camelid Sciences журналының талаптарын мына сілтемеде бойынша көрсеңіз болады: The guidelines for the authors are those of Journal of Camelid Sciences.pdf
Стендті секциялар
Стендті баяндамалардың постлеріне төмендегідей талаптар қойылады:
- көлемі 100*150 см аспау керек.
- қарапайым, ақпаратты, көзге тартымды және көркем;
- легендаға сәйкес жеңіл оқылатын және түсінікті;
- үйлесімді құрастырылған мәтін және зерттеу нәтижелерін тиімді ұсыну үшін көрнекті материал;
- таңдаған тақырып бойынша жан-жақты, толық мәлімет
Барлық стендтік баяндамалар күнделікті өтеді.
Ұйымдастыру алқалары
Төраға - Профессор Ғ.Мұтанов, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры (ҚазҰУ):
- Н. Ахметсадыков (КазҰАУ),
- Г. Конуспаева (КазҰУ/FAO),
- A. Баубекова (ҒӨК Антиген),
- T. Рамазанов (КазҰУ)
- T. Шалахметова (КазҰУ)
- Н. Ем (КазҰУ)
- З. Болатхан (КазҰУ)
- Г. Шабдарбаева (КазҰАУ)
- A. Серикбаева (КазҰАУ),
- Г. Абсатиров (ЗКАТУ),
- M. Нармуратова (КазҰУ),
- A. Мелдебекова (КазҰУ),
- M. Ахметсадыкова (ҒӨК Антиген),
- Ш. Ахметсадыкова (ҒӨК Антиген)
- Г. Райымбек (ҰБО),
- M. Нурсеитова (КазҰУ),
- K. Хамзин (Ұлттық қой шаруашылығы институты)
- З. Ахметова (Ұлттық қой шаруашылығы институты)
- Д. Тынбаев (ҒӨК Антиген)
- A. Нургазина (ҒӨК Антиген)
- M. Ахметжанова (ҒӨК Антиген)
- Ш. Канаят (ҒӨК Антиген),
- A. Сапаров (ҒӨК Антиген)
- Ж. Амиргазиева (ҒӨК Антиген)
- Е. Амиргазиев (ҒӨК Антиген)
- E. Саламатов (ҒӨК Антиген)
- Б. Кенесов (КазҰУ)
- Г. Нармуратова (ҒӨК Антиген)
Ғылыми комитет
Төрайымы - Г. Қоныспаева (ҚазҰУ/FAO, Казақстан)
- K. Муканов (Қазақстан)
- A. Иващенко (Қазақстан)
- B. Faye (Франция/КСА)
- P. Nagy (БАӘ/Венгрия)
- M. Bengoumi (Тунис/Марокко)
- X. Zhao (Қытай)
- P. Burger (Австрия)
- M. El-Harak (Марокко)
- T. Gahlot (Үндістан)
- E. Ciani (Италия)
- M. Hammadi (Тунис)
- L. Meile (Швейцария)
- S. Basmaeil (КСА)
- R. Al-Jassim (Австралия)
- A. Khalafalla (Судан/КСА)
- I. Kadim (Оман)
- A. Aljoobori (БАӘ)
- K. Raziq (Пәкістан)
- A. Abunikhaila (Судан)

ЕКІНШІ РЕТТІК ХАБАРЛАНДЫРУ
ISOCARD қоғамының “ЖІБЕК ЖОЛЫ ТҮЙЕЛЕРІ: ТҰРАҚТЫ ДАМУДА КАМЕЛИДТЕРДІ ЗЕРТТЕУ ”4-ші конференциясы
8-12 маусым, 2015 Алматы, Қазақстан
Құрметті әріптестер,
Сіздерді, 2015 жылдың 8-12 маусымы аралығында Алматы қаласы (Қазақстан), әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, «Жібек жолы түйелері: тұрақты дамудағы камелидтерді зерттеу» атты ұранмен өтетін, 4-ші ISOCARD қоғамының конференциясына қатысуға шақырамыз.
4-ші ISOCARD конференциясы барлық қатысушыларға ашық.Сіздері конференция қатысушылары арасынан көруге қуаныштымыз.
Байланыс: isocard2015@gmail.com
Веб-сайт: www.isocard2015.kz
Конференцияның негізгі тақырыптары:
- Дәстүрлі және заманауи дәуірдегі түйелер: тұрақты дамуға қабілеттілігі
- Камелидтердің биологиясы: жаңа сұрақтар, кемелді жауаптар
- Адамдардың жағдайына қажетті түйе малының өндірісі және өнімдері: заманауи жағдай
- Камелидтер және олардың денсаулығы: жаңадан пайда болған ауруларжәне үнемі туындайтын шешімді қажет ететін мәселелер
- Камелидтер және олардың қоршаған ортасы: климаттыңөзгерісіне ықпалы
- Камелидтер экономикасы: жергілікті нарықтан халқаралық нарыққа дейін
- Адамзат дату мәдениетіндегі түйе малының тарихы және археологиясы.
Конференцияның секциялары
Конференця жұмыстары 5 түрлі негізгі секция бойынша жүргізіледі:
1 Секция. Камелидтердің биологиясы
|
Секцияда түйе малының күрделі қоршаған ортаға бейімделгіштік механизімін түсіну бойынша сұрақтар қарастырылады. Негізгі салалар: анатомия, физиология, репродукция, қоректену және генетикасы. |
2 Секция. Камелидтердің өнімділігі және өнімдері
|
Секцияның мақсаты түйе өнімдерінің адам тағамына және денсаулығына пайдасын көрсету. Бұл салада түйе шаруашылығы, күтімі, сүт және ет өнімдері, оларды өндіру және өңдеуі, сонымен қатар басқа да өнімдер (жүн өнімділігі, жарысқа қабілеттілігі, тері өңдеу). |
3 Секция. Камелидтердің денсаулығы
|
Бұл тақырыптың маңыздылығы төмендегі екі субсекцияда қарастырылады:
- 3.1. Түйелерде кездесетін аурулар: Түйе малының жиі кездесетін аурулары (трипаносома, тері аурулары және инфекциялық аурулар) және жаңа ауру түрлері. Веретинария ғылымындағы классикалық бағыттар: хирургия, диагностика, паразитология, метаболиттік аурулар, инфекциялогия, эпидемиология.
- 3.2. MERS-Co және камелидтер.
|
4 Секция. Камелидтердің физикалық және техникалық қоршаған ортасы
|
Бұл секцияда түйе малын бағу, тағамтану және климаттың өзгеріс барысында түйе шаруашылығының қоршаған ортамен қарым қатынастары қарастырылады. Сонымен қатар, тұрақты дамуға қатысты барлық мәселелерді қамтиды. Бұл тақырыптар бойынша докладтар саны аз болғандықтан, айтылған тақырыптаманы әрі қарай дамыту үшін екі субсекцияның өткізілуі ұсынылады:
- 4.1. Камелидтер және қоршаған орта: тағам көздері, тағамтану стратегиясы, климаттық өзгеруне әсері, парниктік газдардың шығуы, демография сұрақтары.
- 4.2. Камелидтер және тұрақты даму, дәстүрлі және заманауи түйе шаруашылығы: генетикалық таңдау (селекция), жаңа бағу жүйелері, тұрақты дамудағы жаңа тәжірибе, интенсификацияға әсері.
|
5 Секция. Түйе шаруашылығының экономикасы және қоғамдық пен мәдени аспектілер
|
Бұл секцияда екі маңызды мәселелер қарастырылады:
- 5.1. Камелидтердің экономикасы үй шаруашылығында, жергілікті және халықаралық нарықтарда, тауарлық арналардағы камелидтердің рөлдерін түсігін жақсарту.
- 5.2. Камелидтердің әлемдегі әлеуметтік-мәдени орны, әсіресе түйеге қатысты археологиясы, тарихы, социялогиясы қарастырылады.
|
Түйелер геномикасы бойынша арнайы семинар-секция
P. Burger (Вена университеті, Австрия), E. Ciani (Бари университеті, Италия) және F. Almathen (Фейсал патшасының университеті, Сауд Арабиясы) бастамасымен түйелер геномикасы бойынша арнайы семинар секция конференцияның соңғы күні ұйымдастырылады, онда
- (i) жалпы генетика секциясы,
- (ii) дөңгелек үстел және
- (iii) мәліметтерді кеңейтілген
геномдық талдау және арнайы талқылау дәрістері жүргізіледі.
Конференцияның жинағы
Конференция мәліметтер жинағы Journal of Camelid Sciences (ISOCARD) және Ветеринария (Қазақстан) журналдарының бірлескен арнайы нөмірінде басылып шығарылады.
Барлық түйіндемелер қазақ, ағылшын және орыс тілдеріне аударылады.
Конференция барысында тағайындалатын марапаттар
Постерлар бойынша 2 байқау өтеді:
- ISOCARD Атқарушы Комитеті дәстүрге сәйкес докторанттардың үздік стендті баяндамасын таңдап, конференцияның жабылу рәсәмінде салтанатты түрде бағалы сыйлықты және “ISOCARD марапатын” тапсырады.
- Үздік секциялық постері үшін марапаты конференцияның барлық қатысушылырының арасында жүргізіледі (дауыс беруге арналған арнайы парақша әр қатысушыға тіркелу барысында таратылады)
